Форум барысында жауапты ата-аналық, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі және отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.
Аудандық аурухана атынан ата-аналар алдында дәрігер-эпидемиолог Мирюсупов Миржалол Рашанович және дәрігер-педиатр Есенкулова Аида Куантаевна сөз сөйледі. Олар балаларды уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығы, жұқпалы аурулардың алдын алудағы және өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтаудағы рөлі туралы айтып өтті.
Форум білім беру, құқық қорғау және денсаулық сақтау саласының өкілдерін біріктіріп, ата-аналармен ашық диалог жүргізуге мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өсіп-жетілуіне ықпал етіп, отбасы, мектеп және медицина саласы арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя