Медициналық мекемеде қызметкерлерге арналған «Өрт-техникалық минимум» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында мамандар медициналық қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібін және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын түсіндірді. Сонымен қатар алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, адамдарды эвакуациялау тәртібі және пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай оқыту іс-шаралары қызметкерлердің білім деңгейін арттырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге дайындықтарын күшейтеді. Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі — медициналық ұйымның басты басымдықтарының бірі.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — өмір мен денсаулықтың кепілі!
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя