контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Конкурс
08-05-2026 16:27
Конкурс
2026 жылғы 20 сәуірде бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Тереңкөл ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК басшысы бос лауазымына конкурс жарияланған болатын.
 
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан өтініштер мен құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылды.
 
Конкурс 2026 жылғы 13 мамырда сағат 15:00-де Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Тереңкөл ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК конференц-залында өтеді.
 
Мекенжайы: 140600, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 88.
 
Конкурс барысында Бақылау кеңесінің отырысында кандидаттардың құжаттары қаралып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және мекеменің ішкі нормативтік актілеріне сәйкес әңгімелесу жүргізіледі.
 
Кандидаттарды тіркеу конкурс басталғанға дейін 30 минут бұрын жүргізіледі.
 
Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларын өзімен бірге әкелуі қажет. Құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
 
Ұйымдастыру мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8-700-686-33-42.
 
Бақылау кеңесі
  ШЖҚ «Тереңкөл ауданының ауруханасы» КМК