контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Тереңкөл аудандық ауруханасында Репродуктивті денсаулық апталығы өтуде!
26-05-2026 10:43
 Тереңкөл аудандық ауруханасында Репродуктивті денсаулық апталығы өтуде!

 

Репродуктивті денсаулық апталығы аясында мамандар тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (АТЖ) жүргізуде.
Іс-шаралардың мақсаты — репродуктивті денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу, уақтылы тексерілудің маңыздылығы және салауатты өмір салтын ұстану туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

 Аудан тұрғындарына:
 отбасын жоспарлау;
 ана мен бала денсаулығы;
 инфекциялардың алдын алу;
 тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығы;
 ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау туралы ақпарат берілуде.

Аурухана мамандары тұрғындармен әңгімелесу, кеңес беру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық материалдар таратуда.

Өз денсаулығыңызды және болашақ ұрпақтың денсаулығын қорғаңыз!