контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
ИММУНИЗАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ – БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ!
03-06-2026 11:42



Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара барысында ата-аналарға иммундаудың және балаларды уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді.

Медицина қызметкерлері вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі туралы айтып, ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық материалдар таратты.

 Вакцинация – баланы қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың сенімді жолы.

Уақтылы иммундау балалардың және жалпы қоғамның денсаулығын сақтауға көмектеседі.

 Денсаулыққа қамқорлық профилактикадан басталады!