Тереңкөл ауданы ауруханасында ата-аналар арасында балалар жарақатының алдын алу, вакцинацияның маңыздылығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында мамандар ата-аналарға тұрмыстық және көшедегі жарақаттардың алдын алу жолдары туралы ақпарат беріп, балаларды уақтылы вакцинациялаудың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, дені сау баланы тәрбиелеу, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау және қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – әр отбасының басты құндылығы!
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя