контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
,
05-06-2026 11:09
,

Жазғы демалыс – балалар үшін қызыққа толы уақыт. Бұл кезде олар далада көбірек ойнап, достарымен жиі араласады және үйден тыс жерде көп уақыт өткізеді.

Сондықтан ата-аналар баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше көңіл бөлгені жөн. Балаларға аулада, жол бойында және су маңында өзін қалай ұстау керектігін, велосипед пен самокатты қауіпсіз тебу ережелерін, күннен қорғанудың және жеке тазалықты сақтаудың маңызын түсіндіріп отырған дұрыс.

 Сондай-ақ баланың жеткілікті су ішіп жүруіне, уақытылы тамақтануына және көшеден күмәнді тағамдар сатып алмауына назар аудару қажет.

 Балалар арасындағы көптеген жарақаттар мен жазатайым жағдайлардың алдын алуға болады. Ол үшін бала қауіпсіздік ережелерін біліп, қауіпті жағдайда не істеу керектігін және кімнен көмек сұрай алатынын түсінуі керек.

 Сондықтан ересектердің қамқорлығы мен қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыруы баланың денсаулығы мен амандығын сақтауға көмектеседі.