Жаздың ыстық күндері басталған кезде ағзаның қызып кетуі мен сусыздануының алдын алу шараларын сақтау маңызды. Ауаның жоғары температурасы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін, әсіресе балаларға, қарт адамдарға, жүкті әйелдерге және созылмалы аурулары бар азаматтарға.
Негізгі ұсынымдар
Көбірек су ішіңіз
Шөлдегенді күтпей, күні бойы жеткілікті мөлшерде таза ауыз су ішіңіз. Тәтті газдалған сусындар мен алкогольді шектеу ұсынылады.
Күннің ең ыстық уақытында күн астында ұзақ болмаңыз
Сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін тікелей күн сәулесінің астында болмауға тырысыңыз, себебі бұл уақытта күн белсенділігі ең жоғары болады.
Жеңіл киім киіңіз
Табиғи матадан тігілген, ашық түсті және кең киімдерді таңдаңыз. Бас киім мен күннен қорғайтын көзілдірік киюді ұмытпаңыз.
Дене жүктемесін шектеңіз
Ыстық уақытта ауыр дене еңбегі мен спорттық жаттығуларды азайтып, оларды таңертеңгі немесе кешкі уақытқа ауыстырған жөн.
Дұрыс тамақтаныңыз
Көкөністерді, жемістерді және жеңіл тағамдарды көбірек тұтыныңыз. Майлы, ауыр және ащы тағамдарды шектеуге тырысыңыз.
Балалар мен жануарларды көлікте қалдырмаңыз
Тіпті қысқа уақытқа қалдырылған жағдайда да жабық көліктің ішіндегі температура өте жоғары деңгейге жетуі мүмкін.
Үй-жайдағы қолайлы температураны сақтаңыз
Бөлмелерді таңертең және кешке желдетіңіз. Желдеткіштерді немесе кондиционерлерді пайдаланыңыз. Күндіз терезелерді перде немесе жалюзимен жауып қойған дұрыс.
Ыстық өту белгілері
-
Қатты әлсіздік;
-
Бас ауруы;
-
Бас айналу;
-
Жүрек айну немесе құсу;
-
Дене қызуының көтерілуі;
-
Терінің қызаруы және құрғауы;
-
Жүрек соғысының жиілеуі;
-
Естен тану.
Осы белгілер пайда болған жағдайда адамды дереу салқын жерге апарып, таза ауа кіруін қамтамасыз ету, су беру және медициналық көмекке жүгіну қажет.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Қарапайым алдын алу шараларын сақтау денсаулықты сақтауға және жазғы ыстықты қауіпсіз өткізуге көмектеседі.
«Тереңкөл ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК ыстық күндері өз денсаулығыңызға мұқият болып, жағдайыңыз нашарлаған жағдайда уақытылы медициналық көмекке жүгінуді ұсынады.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя