контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
17-06-2026 09:25
ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

 

2026 жылғы 16–17 маусымда Астана қаласында өткен «Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі: жаңа сын-қатерлер жағдайындағы даму. Отбасылық дәрігер тәжірибесіндегі дәлелді медицина» халықаралық конференциясына Тереңкөл аудандық ауруханасының медициналық қызметкерлері қатысты.

Конференция барысында алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, ана мен бала денсаулығын қорғау, профилактика және медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара мамандарға тәжірибе алмасып, кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.