Тереңкөл ауданының ауруханасында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында ауданның денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлері кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі мен халық денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Марапаттарды аурухана әкімшілігі атынан басшы Боранбаева Эльмира Биржановна және кәсіподақ комитетінің төрайымы Маженова Маржан Нурлановна табыстады.
Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріне табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя