Жаз мезгілінің келуімен адамдардың көпшілігі уақытын су айдындарының жағасында өткізеді. Демалысыңыз жайлы әрі қауіпсіз болуы үшін суда өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін сақтау қажет.
Тек арнайы жабдықталған және шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана шомылыңыз.
Мас күйінде суға түспеңіз.
Балаларды су жағасында бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз.
Белгіленген шектен аспаңыз және өз мүмкіндігіңізді асыра бағаламаңыз.
Бейтаныс жерлерде суға сүңгімеңіз – бұл ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Қайықпен немесе басқа жүзу құралдарымен жүрген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз.
Ауа райы нашарлаған жағдайда су айдынын дереу тастаңыз.
Есіңізде болсын: су қауіпсіздік ережелерін сақтамауды кешірмейді. Қарапайым сақтық шараларын орындау өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз! Жазғы демалыстарыңыз қауіпсіз өтіп, тек жағымды әсер сыйласын!
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя