Кене шаққанда не істеу керек?
Кене шаққан жағдайда уақыт оздырмай медициналық көмекке жүгіну қажет. Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз және дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз.
Кене шаққан кездегі пациенттің әрекет ету алгоритмі:
1️⃣ Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымына жүгініңіз:
аудандық ауруханаға;
дәрігерлік амбулаторияға;
фельдшерлік-акушерлік пунктке (ФАП);
медициналық пунктке (МП).
Дәрігер тексеру жүргізіп, анамнез жинайды және алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
2️⃣ Зертханалық тексеру Көрсетілімдер болған жағдайда кене энцефалитін растау немесе жоққа шығару үшін серологиялық зерттеулерге, ПТР және басқа да талдауларға қан алынады.
3️⃣ Жолдамалық (рефералдық) медициналық ұйымдарға жолдау Қажет болған жағдайда пациент:
Павлодар облыстық балалар ауруханасына (балалар);
Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына (ересектер)
жолданады. Көрсетілімдер бойынша кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізіледі.
4️⃣ Әрі қарай бақылау Пациент дәрігердің динамикалық бақылауында болып, қажетті ем қабылдайды және профилактикалық ұсыныстар алады.
Есте сақтаңыз: кене шаққаннан кейін медициналық көмекке неғұрлым ерте жүгінсеңіз, профилактикалық және емдік шаралар соғұрлым тиімді болады.
Денсаулығыңызды сақтаңыз және табиғат аясында демалғанда сақ болыңыз!
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя