контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
«Репродуктивтік денсаулық және жауапты ата-ана болу» тақырыбында семинар өтті
13-08-2026 10:24
«Репродуктивтік денсаулық және жауапты ата-ана болу» тақырыбында семинар өтті

Халық арасында ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жүргізу аясында «Репродуктивтік денсаулық және жауапты ата-ана болу» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараның спикері ретінде медицина қызметкері Сейтова А.А. сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушыларға репродуктивтік денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлауға жауапкершілікпен қарау, аурулардың алдын алу және медициналық көмекке уақытылы жүгінудің маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат берілді.

Сонымен қатар жауапты ата-ана болу, салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығы мен отбасы мүшелерінің денсаулығына саналы түрде қарау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан кәсіби кеңестер алды.