контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Ардагерлер клубында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша семинар өтті
13-08-2026 10:33
Ардагерлер клубында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша семинар өтті



Ардагерлер клубында белсенді өмір салтын ұстанатын зейнеткерлерге арналған танымдық семинар өтті.

Семинар барысында қабылдау бөлімінің фельдшері Новак Александр сүйек сынған кезде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету, жарақат алған адамды дұрыс тасымалдау және сынған жерді иммобилизациялау тәртібі туралы айтып берді.

Қатысушылар төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету, алғашқы көмек көрсету және зардап шегушінің жағдайын нашарлатпау бойынша пайдалы ақпарат алды.

Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын білу — әр адам үшін маңызды!