контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
QALQAN жүйусіндегі мудұйымдар QR-коды
19-08-2026 11:54
QALQAN жүйусіндегі мудұйымдар QR-коды
 Медициналық ұйымға барғаныңды QR-код арқылы растау мүмкіндігі денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бақылаудың маңызды элементі. Бұл пациенттің бақылау процесіне қатысуына және азаматтар мен медициналық ұйымдар арасындағы өзара байланыстың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
 
 Qalqan цифрлық сервисі әр медициналық ұйымға арнайы QR-код белгілейді. Пациент оны eGov Mobile қосымшасы арқылы сканерлеп, медициналық ұйымға барғанын растай алады. Болашақта бұл функцияны екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларына да енгізу жоспарланып отыр.
 
 Пациенттің жеке кабинетінде медициналық ұйымға барғаны және оған көрсетілген медициналық қызметтер туралы ақпарат көрсетіледі. Егер ол пациентке іс жүзінде көрсетілген медициналық көмекпен сәйкес келмесе, азамат бұл туралы хабарлай алады.
 
Пациенттердің растауы медициналық ұйымдардың жұмысын бағалау критерийлерінің бірі ретінде де ескеріледі. Осылайша, азаматтардың пікірі мен олардың бақылауға тікелей қатысуы медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын бақылайтын жүйенің бір бөлігіне айналады.