контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ ФЛЮОРОГРАФИЯЛЫҚ КЕШЕННІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
10-09-2026 09:14
ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ ФЛЮОРОГРАФИЯЛЫҚ КЕШЕННІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА



Тереңкөл ауданында тұрғындардың денсаулығын сақтау және ауруларды ерте анықтау мақсатында жылжымалы флюорографиялық кешеннің («Флюкара») жұмысы жүргізілуде.

Медицина қызметкерлері ауданның елді мекендеріне барып, тұрғындарға тұрғылықты жеріне жақын жерде флюорографиялық тексеруден өтуге мүмкіндік беруде.

Флюорографиялық тексеру тыныс алу мүшелерінің ауруларын, соның ішінде туберкулезді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз! Уақытылы тексеруден өту — аурудың алдын алудың маңызды қадамы.