Энергетикалық сусындар көбіне тез сергіп алудың тәсілі ретінде қабылданады. Алайда сергектік сезімі ең алдымен кофеин мен басқа да сергітетін компоненттердің әсеріне байланысты - олар ұйқыны, демалысты және құнарлы тамақтануды алмастыра алмайды.
Кофеин мөлшеріне ерекше назар аудару маңызды: ол тек энергетиктерде ғана емес, кофе, шай және кейбір басқа өнімдерде де болады. Сондықтан бір күн ішінде тұтынылатын кофеиннің жалпы мөлшері артуы мүмкін.
Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынған.
Энергетиктердің құрамында не болуы мүмкін, олардың ағзаға қалай әсер ететіні және елімізде оларды сатуға қандай талаптар қойылатыны туралы инфографикада жинақтадық