Ұлттық бағдарлама аясында Дүниежүзілік жүрек күніне орай Тереңкөл ауданының ауруханасы қызметкерлері «Halyk Bank» бөлімшесіне барып, профилактикалық іс-шара өткізді.
Қатысушылардың қан қысымы мен қандағы глюкоза деңгейі өлшеніп, жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу бойынша кеңестер берілді.
Сондай-ақ жарақаттанудың алдын алу, қан қысымын дұрыс өлшеу, қандағы глюкозаны бақылау және салауатты өмір салты туралы ақпараттық брошюралар таратылды.
Жүрегіңізге қамқор болыңыз — денсаулығыңызды бүгіннен бақылаңыз!