Дүниежүзілік жүрек күніне арналған іс-шаралар аясында Тереңкөл ауданының ауруханасында «Қызыл күн — жүрек назарда» акциясы өтті!
Аурухана қызметкерлері акцияны қолдап, өз бейнелеріне қызыл түсті киімдер мен аксессуарларды, галстуктарды, шарфтар мен төсбелгілерді қосты.
Акцияның жарқын қорытындысы — ұжымның ортақ фотосы!
Жүрегіңізді қорғаңыз, денсаулығыңызға қамқор болыңыз және белсенді өмір салтын таңдаңыз!