контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Тереңкөл аудандық ауруханасында чумаға күдікті науқасты анықтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді
08-10-2026 10:56
Тереңкөл аудандық ауруханасында чумаға күдікті науқасты анықтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді



Бүгін Тереңкөл аудандық ауруханасында аса қауіпті инфекциялардың алдын алу және медициналық қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру мақсатында обаға (чумаға) күдікті науқасты анықтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу емхананың сүзгі кабинетінде ұйымдастырылып, науқасты клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықтау, оқшаулау және медициналық қызметкерлердің іс-әрекет алгоритмі пысықталды.

Сонымен қатар медицина қызметкерлері арасында «Оба» және «Құтыру» сияқты аса қауіпті инфекциялар бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында инфекциялардың негізгі белгілері, жұғу жолдары, эпидемиологиялық анамнез жинау, алдын алу шаралары және ауруға күдік туындаған кездегі медицина қызметкерлерінің әрекеті талқыланды.

Мұндай оқу-жаттығулар медицина қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттырып, аса қауіпті инфекцияларға дер кезінде ден қоюға және инфекцияның таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.