контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ!
09-10-2026 09:28
ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ!

 

2026 жылғы 8 қазанда Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Аталған іс-шара барысында Тереңкөл аудандық ауруханасының кәсіподақ комитетінің төрағасы Маженова Маржан Нұрланқызы «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл марапат – медицина қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауға, кәсіподақ қозғалысын дамытуға және қоғамдық жұмыстарға қосқан үлесінің жоғары бағалануы.

Тереңкөл аудандық ауруханасының ұжымы Маржан Нұрланқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды!

Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, қажымас қайрат, кәсіби табыс және алдағы жұмысыңызға толағай жетістіктер тілейміз!

Сізді мақтан тұтамыз!