контакт: 8(71833)21235 terenkol.rbk@mail.ru
адрес: с. Теренколь, ул. Тәуелсіздік, 88
Медицина қызметкері гемопоэздік дің жасушаларының донорлығы бойынша семинарға қатысты
12-10-2026 14:10
Медицина қызметкері гемопоэздік дің жасушаларының донорлығы бойынша семинарға қатысты
 
 
Тереңкөл ауданы ауруханасының мейіргері Вера Викторовна Комарова гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау (ТГСК) және Қазақстандағы донорлардың ұлттық тіркелімін дамыту мәселелеріне арналған семинарға қатысты.
 
Семинар барысында қан түзетін дің жасушаларының донорлығы, донорларға қойылатын негізгі талаптар және донорлар тіркеліміне қосылу тәртібі туралы ақпарат берілді.
 
Мұндай білім беру іс-шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және халық арасында донорлықтың маңыздылығы туралы ақпарат таратуға ықпал етеді.
 
Донор болу – адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беру!