Тереңкөл аудандық ауруханасында жаңа маман — клиникалық-диагностикалық бөлімшенің ересектерге арналған травматолог-ортопед дәрігері Расилбекұлы Еркебұлан өз жұмысын бастады!
Дәрігер тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша медициналық көмек көрсетеді.
Дәрігерге келесі жағдайларда жүгінуге болады: ✅ Сүйек сынуы, буын шығуы, соғылу және созылу; ✅ Буындар мен аяқ-қолдардың ауыруы; ✅ Байламдар мен сіңірлердің зақымдануы; ✅ Жарақаттан кейінгі асқынулар; ✅ Тірек-қимыл аппаратының басқа да аурулары.
Мекенжайы: Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 88.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты құндылығымыз!