2026 жылғы 19 қазанда Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде қатерлі ісіктерді ерте анықтау және онкологиялық сергектік мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Семинарға Тереңкөл ауданы ауруханасының мамандары қатысты:
Дәрігер-онколог Хомовская Любовь Геннадьевна;
Онкология кабинетінің мейіргері Кауц Юлия Николаевна.
Семинар спикері — директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Аскарова Асель Токмаганбетовна.
Семинар барысында онкологиялық науқастарды бағыттау, сүт безі обырын ерте анықтау және онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелері қарастырылды.
Ерте диагностика — денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы!