контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Протеин туралы толығырақ
21-10-2026 09:07
Протеин туралы толығырақ



Протеин көбіне спорттық тамақтанумен және бұлшықет массасын арттырумен байланыстырылады. Алайда протеин - әр адам ағзасына қажет кәдімгі ақуыз.

 Ақуыз ағзаға не үшін қажет?
Ақуыз тіндердің түзілуі мен қалпына келуіне, бұлшықеттерді сақтауға, иммундық жүйенің жұмысына, ферменттер мен гормондардың түзілуіне қатысады. Біз ақуызды күнделікті тұтынатын тағамдардан: ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері, бұршақ тұқымдастар мен жаңғақтардан аламыз.

Ал ұнтақ түріндегі протеин дегеніміз не?
Бұл - ақуыздың шоғырландырылған көзі. Оны көбіне сүт сарысуынан, казеиннен, соядан немесе асбұршақтан өндіреді. Мұндай ұнтақты суға немесе сүтке араластырып, тағам рационын қосымша ақуызбен толықтыруға болады.

Спорттық протеин туралы не білу маңызды?
— Ол бәріне бірдей қажет емес. Адамдардың көпшілігі қажетті ақуыз мөлшерін күнделікті тағамнан ала алады.
— Протеин өздігінен бұлшықетті өсірмейді. Бұлшықет массасын арттыру үшін күш жаттығулары, жеткілікті тамақтану және ағзаның қалпына келуі маңызды.
— Көп болғаны жақсы деген сөз емес. Ақуызға деген қажеттілік адамның жасына, дене салмағына, физикалық белсенділігіне және денсаулық жағдайына байланысты.
— Протеин ұнтақтарының құрамы әртүрлі. Кейбірінің құрамында қосылған қант, тәттілендіргіштер және басқа да компоненттер болады. Сондықтан өнімнің құрамына назар аудару маңызды.
— Құнарлы тамақтануды алмастыра алмайды. Күнделікті тағамдардың құрамында ақуыз ғана емес, дәрумендер, минералдар, тағамдық талшықтар және басқа да пайдалы заттар бар. Сондықтан протеин коктейльдерін негізгі тағамның орнына емес, рационға қосымша ретінде пайдаланған дұрыс.

Ең бастысы: протеин коктейлі - дұрыс тамақтанудың міндетті бөлігі де, бұлшықетті өсіретін ғажайып құрал да емес. Ол рационда ақуыз жеткіліксіз болған жағдайда қосымша ақуыз алудың ыңғайлы тәсілі ғана.