контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
29-10-2026 09:17
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

 

Тереңкөл ауданы ауруханасының басшысы Боранбаева Эльмира Биржанқызы 2026 жылғы 19–23 қазан аралығында азаматтық қорғау саласы бойынша оқудан өтіп, тиісті сертификат алды.

Оқыту Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы» АҚ базасында ұйымдастырылды.

 Оқу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтық қорғау шараларын ұйымдастыру және төтенше жағдайлар кезінде тиімді әрекет ету мәселелеріне назар аударылды.

 Мұндай оқыту медициналық ұйымның төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілігіміз!