контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
«Өкпе обырын алдын алу» тақырыбында ақпараттық-білім беру жұмыстары
05-03-2020 09:33
«Өкпе обырын алдын алу» тақырыбында ақпараттық-білім беру жұмыстары

Емхана қызметкерлері бекітілген ЖОББМ, денсаулық мектептеріндегі білім алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу бойынша семинар – тренингтер өткізеді. Іс-шараның мақсаты: онкологиялық ауруларды дамытудың негізгі факторы ретінде темекі шегуге тұрақты жағымсыз қарым-қатынасты қалыптастыру, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру.

- Қатысушыларды темекінің адам денсаулығына тигізетін кері әсерлерімен таныстыру.

- Қатысушылардың салауатты өмір салтын ұстануға деген ынтасын қалыптастыру.

Семинар барысында «Темекі мен шылымның тарихы», «Никотиннің денсаулыққа әсері», «Снюс», «Темекі тарту туралы мифтер» тақырыбында сауалнамалар, әңгімелер жүргізіліп, темекі шегудің зияны туралы бейнероликтер көрсетілді. Бұл іс-шара зиянды әдеттерге теріс көзқарастың дамуына, атап айтқанда темекі шегуге, өкпенің қатерлі ісігінің алдын алудың негізгі факторларының бірі, оны дамытудың қауіп факторлары болып табылады.