контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Тұрғындар арасында МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда
05-03-2020 09:38
Тұрғындар арасында МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Тұрғындар арасында МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Ескерту: зейнеткерлер жеңілдік санатына қосылады, оларға мемлекет МӘМС-ке төленетін төлемді төлейді.

 

Зейнеткерлер тұрғылықты жері бойынша емханаға өтініш жазып, ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін медициналық көмек ала алады.

Егер зейнеткер жалдамалы қызметкер болса, онда оның жұмыс беруші жарна төлеуден босатылады, ол үшін мемлекет төлейтін болады.

Егер бұрынғы немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкер зейнеткер болса, онда ол үшін жарна мемлекет төлейді. Жеке кәсіпкердің өзі төлеуге міндетті емес, өйткені жеңілдікті санаттар басқалардан басым болады.

Жеңілдік санаттары туралы қосымша ақпаратты мына сайттан таба аласыз: https://fms.kz/ru/content/lgotnye-kategorii-grazhdan.