контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
Жіті ішек инфекциялары
03-06-2020 14:42
Жіті ішек инфекциялары

Жіті ішек инфекциялары - бұл ішектің зақымдалуымен өтетін жіті жұқпалы аурулар тобы, ол нәжістің бұзылуымен, ағзаның сусыздануымен және уыттылығымен қоса жүреді.

 

Жаз - бұл тек демалу ғана емес, сонымен бірге өкінішке орай, әртүрлі аурулардың қоздырғыштарын, ең алдымен жедел ішек инфекцияларының таралуы. Олардың көзі ауру адамдар, бактерия тасымалдаушылар, кеміргіштер, гельминттер, өңделмеген көкөністер мен жемістер, дұрыс сақталмаған және тез бұзылатын өнімдер болып табылады.

 

Дереу дәрігерге көріну белгілері:

сұйық нәжіс тәулігіне 5 реттен жиі

көп рет құсу

нәжістегі қан

Іштің ауырсынуы

қатты әлсіздік және шөлдеу

 

 

Алдын алудың негізгі шаралары:

☑️жеке гигиена ережелерін сақтау

☑️ішу үшін қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану

☑️қауіпсіз тағамдарды таңдау

☑️өнімдердің жарамдылық мерзімін қадағалау

☑️көкөністер мен жемістерді ағынды, ал балалар үшін-қайнаған сумен мұқият жуу

☑️қажетті өнімдерді мұқият термиялық өңдеуді жүргізу

☑️тағамды дайындағаннан кейін бірден тамақ ішу керек

☑️дайын тағамдарды салқын жерде сақтаңыз

☑️осы мақсатта арнайы бөлінген жерлерде ғана шомылыңыз..

 

 

Осы қарапайым ережелерді сақтау Сізге денсаулықтың көптеген мәселелерінен құтылуға, жіті ішек инфекциялары ауруларынан сақтануға көмектеседі. Сонымен қатар, әрбір ауру қоршаған ортаға қауіпті болуы мүмкін екенін есте сақтау керек.

Сондықтан, ішек бұзылуының алғашқы белгілері пайда болған кезде, ауырған адамға дереу дәрігерге бару керек!