контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar
ЖРВИ және тұмаудың алдын алу»
23-09-2020 07:28
ЖРВИ және тұмаудың алдын алу»

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «ЖРВИ және тұмаудың алдын алу» тақырыбында онлайн – дәрістер өткізілді.

СӨС дәрігері С.Ж. Сыздықова №21 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша №8,9,10 сыныптарға арналған ZOOM форматында биология мұғалімі және осы мектептегі СӨС үйлестірушісі Жанна Сағатбекқызы Қрықпаевамен келісілген онлайн-дәрістерді өткізді.

СӨС дәрігері #ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша презентация ұсынды. Аталған тақырып тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Презентациялар, мультфильмдер арқылы балалар ЖРВИ және тұмау вирусының құрылымы, олардың таралу жолдары және #алдын алу шаралары туралы білді. Оқушылар «тыныс алу этикеті» деген не екенін білді. Белгілі болғандай, бұл сөздер түшкіру немесе жөтелу кезінде ауыз бен мұрынды бір реттік қол орамалмен немесе майлықпен жауып, қолданғаннан кейін оны қоқысқа тастау қажеттілігін білдіреді.

Балалар өз алдына дені сау болу үшін олар қолдарын үнемі және мұқият сабынмен жуып, ауа-райына сәйкес киініп, спортпен шұғылданып, құрамында дәрумендер бар көкөністер мен жемістерді көбірек жеуге мақсат қойды.