Qalqan платформасы қалай жұмыс істейді? Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Цифрлық даму орталығы басшысының орынбасары Гаухар Жанайдарова толығырақ баяндап берді.
Qalqan – МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді есепке алу, тексеру және төлеу үдерістерін автоматтандыратын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бірыңғай цифрлық жүйесі.
Платформаның басты мақсаты – МӘМС қаражатын пайдалану үдерісін ашық, тиімді әрі басқаруға ыңғайлы ету.
Пациенттер үшін қандай өзгерістер болады?
▪️ қабылдауды QR-код арқылы растау
▪️ медициналық қызметтердің цифрлық профилі
▪️ жедел өтініш жолдау мүмкіндігі
Сонымен қатар, Qalqan медициналық ақпараттық жүйелерді алмастырмайды және емдеу процесіне араласпайды. Платформа тек қорғалған мемлекеттік байланыс арналары арқылы қаржылық-талдамалық деректермен жұмыс істейді.
Qalqan — пациенттердің құқықтарын қорғауға және медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге көмектесетін МӘМС жүйесінің цифрлық қалқаны.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя