Шарбақты аудандық орталық ауруханасының тарихы.
ОАА ғимараты 1987 жылы пайдалануға берілді, ол типтік жоба бойынша 220 төсекке мынадай бөлімшелерден салынды: терапия, хирургия, гинекология, перзентхана және балалар бөлімшесі, сондай-ақ бір ауысымда 200 адам қабылдайтын емхана. ОАА ғимараты бас дәрігер М.Д. Касаткин қабылдады, аурухананың дәрігерлік персоналы 46-дәрігерден, 325- ОМҚ құрды.
— 1991 жыл ауданының медициналық ұйымдар желісі ОАА тұрды -220 төсек, туберкулез ауруханасының -65 төсек, ауылдарда 220 төсекке 5 АУА: Галкін, Алексеевка, Шалдай, Хмельницк, Сосновка, Қарабидай ауылында 1 дәрігерлік амбулатория (ДА) жұмыс істеді, фельдшерлік акушерлік пункт (ФАП) -9, фельдшерлік пункттер (ФП)-22 .
— 1994 жыл 1994 жылғы 5 қазандағы әкімшілік Басшысының №208 өкімі негізінде (Галкін, Алексеевка, Шалдай, Хмельницк,) ауылдық учаскелік ауруханалар жабылып олардың базасында ауылдық дәрігерлік амбулаториялар (АДА) және 3 ФАП ашылды, Александровка ауылы, Шегірен ауылы, Орловка ауылы АДА мәртебесін алды.
— 1998 жылы аудан әкімдігінде Аудандық денсаулық сақтау бөлімі құрылған, оның меңгерушісі дәрігер Н.Е. Горжая болды.
Щарбақты ауылында Г.Т. Джаркенованың терапевт дәрігердің басшылығымен «Г.Т. Джаркенова» жеке АДА ашылды.
Оңтайландыруға байланысты 110 төсек қысқартылды, соның нәтижесінде емхана ғимараты және стационардағы 2-3 қабаттардың сол жақ қанаты консервациялау өткізді.
ОАА құрамынан бөліну жолымен 7 дербес ОАДА құрылды.
— 1999 жылы аудандық орталық ауруханада мынадай бөлімшелер жұмыс істеді: хирургия, гинекология, терапия, перзентхана, жедел жәрдем медициналық пункті. Аурухананың құрамына емхана кірді, оның құрылымындағы жүктіліктер: ренгенкабинет, флюорокабинет, зертхана, балалар консультациясы, дәрігерлердің кабинеттері ( окулист, невропатолог, хирург, терапевт, дерматовенеролог, стоматолог, гинеколог). Аудан аумағында 8 дәрігерлік амбулатория және 24 фельдшерлік пункт жұмыс істеді. 25 төсекке аудандық туберкулезге қарсы аурухана жұмыс істеді, осы ауруханада 32 адам қызмет етті, оның ішінде 2 дәрігер және 9 ОМҚ.
— 2002 жылы 8 ОАДА ОАА –на қысылған, барлық ДА жаңа санитарлық автокөлікті алды, барлығы 10 санитарлық көлік.
— 2004 жылы ОАА медициналық жабдықтар алынды және барлық ДА ЭКГ аппараттарды, сухожаровые шкафтарды, аквадистилляторларды алды, ОАА жаңа сандық рентген комплексі (LISTEM) 18335,0 мың теңге жалпы сомасына орнатылған.
— 2006 жылы жаңа жабдықтың орнатылуы арқылы, ОАА эндоскопиялық кабинет және УДЗ кабинеті ашылды.
— 2007 жылы ОАА 11990,0 мың теңге тұратын жаңа «Флюарком» флюроорнатуы алынған
— 2008 жылы – 9226,0 мың тенге соммасына стационар ғимараттың шатырының күрделі жөндеуі өткізілді.
— 2009 жылы Облыстық мамандармен телекеңесті жүргізу үшін, орталық аудандық ауруханада телемедицина кабинеті ашылды. Медициналық жадықтың құны 26306,0 мын тенге.
Стационардың күрделі жөндеуіне 21000,0 мың теңге бөлінді. Емхананың ағымдағы жөндеуіне 2500,0 мың теңге бөлінді.
— 2010 жыл – БҰДЖ енгізуге байланысты ОАА және ДА 43 төсекке күндізгі стационарлар ашылды.
— 2013 жылы – ҚР тұнғыш президент күніне қарсы күрделі жөндеуінен кейін бұрын қолданмаған хирургия бөлімшесі ашылды.
2014 –«Шарбақты ОАА» ҚМҚК-нан ШЖҚ «Шарбақты ОАА» КМК-на қайта құрылды, Александровка ДА алғашқы санитарлық реанимобиль көлігін алған. .
— 2015 жылы 100 мектеп және 100 аурухана аясында Хмельницк ауылында бір ауысымда 30 адам қабылдайтын жаңа типті дәрігерлік амбулатория құрылған. ОАА 2 реанимобиль бөлінді.
Біздің жетістіктеріміз:
— 2003 жылы 2003 жылы «Салауатты ауыл» номинациясы бойынша Орловка ауылының дәрігерлік амбулатория 1 орын алды
— 2006 жылы –Алексеевка ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірбие дәрігері Агурьева Ольга Михайловна «Үздік ауыл дәрігері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
— 2006 жылы Александровка ауылындағы дәрігерлік амбулатория «Үздік дәрігерлік амбулатория» номинациясы бойынша 2 орын алды.
— 2007 жылда денсаулық мектебі ашылды және жұмыс істейді: артериялық гипертензия, қант диабеті, бронх демікпесі, инсульт, отбасын жоспарлау, жас аналар, дені сау бала, БЖАИЖ, қарт, мінез-құлықтық қауіп факторларының.
— 2009 жылы жұмыс нәтижелері бойынша «Шарбақты ауданының емханасы» АМСК ең үздік деп танылды.
— 2009, 2013,2015 жылдары ОАА аккредитациядан өтіп, аккредиттелген ұйымның сертификатын алды.
— 2011 жылы ОАА «Облыстық денсаулық сақтау саласында ең үздік ауыл « номинациясы бойынша Диплом алды.
— 2013 жылы жұмыс нәтижелері бойынша «Шарбақты орталық аудандық аурухана» Қазақстан Республикасының 100 үздік ұйымдардың ішіне кірді және «Алтын Сапа» медалін табыс еттіп «Қазақстанның Көшбасшысы» құрметті атағына ие болды.
ОАА лайықты кадрлар :
Шарбақты орталық аудандық ауруханасынан шықан дәрігерлер келешекте емдеу мекемелерінің басшылары мен облыстық мекемелердің меңгерушілер болды, олар:
Шахова Мария Семенқызы ,ЛОР –дәрігер – Санкт-Петербург қаласындағы медицина ғылымдарының докторы.
Исабаев Орынбасар Душанович – педиатр дәрігер -Семей қаласының облыстық перзентхананың бас дәрігері
Нуралин Совет Габдуллинович анестезиолог-реаниматолог дәрігер — Екібас қаласындағы «Нүр» медициналық орталықтың директоры.
Корниенко Тамара Никифоровна, акушер-гинеколог дәрігер — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханасындағы гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі.
Черевко Татьяна Павловна , анестезиолог-реаниматолог дәрігер — облыстық диагностикалық орталықтың эндоскопиялық кабинетінің меңгерушісі.
Ауданның денсаулық сақтау дамуына жеке үлес қосқаны және адал еңбегі үшін терапевтік бөлімшесінің меңгерушісі Камшук Надежда Сидоровна – «Қазақ КСР Еңбек сіңірген дәрігері» атағына ие болды. 3 дәрігер «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін алды, олар Батонов Иван Иванович, Уздембаев Каиртас Жанузакович, Джаркенова Гаухар Тюлешевна, орта медициналық қызметкерден Кордюкова Людмила Алексеевна, Гребенюк Ася Даниловна.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығына және 20 жылдығына мерейтойлық медальдерімен хирургия бөлімшесінің медбикесі Байбулова Айтбикеш Тайлаковна, терапевт дәрігер Касымова Людмила Викторовна, бас дәрігердің орынбасары Ибрагимова Карлыгаш Халеловна.
Шарбақты ауданының денсаулық сақтау дамуына елеулі үлес қосқан дәрігерлер Горжая Нина Егоровна, Ибрагимова Карлыгаш Халеловна, Кисилишина Светлана Николаевна, Агурьева Ольга Михайловна, Шуганова Сауле Баймурзиновна, Касымова Людмила Викторовна, Швацкая Людмила Константиновна, Серкебаева Кырмызы Сериковна.
Ауданының денсаулық сақтау жүйесінде адал және көп жылғы еңбегі үшін «Еңбек Даңқы Аллеясында» фотосуреттер орналастырылған: жалпы тәжірбие дәрігер Агурьева Ольга Михайловна, перзентхана бөлімшесінің акушері Журомская Нина Ивановна, Галкін ауылындаға ДА акушері Альпеисова Карлыгаш Кашатовна.
Ауруханада кадрларын үздіксіз кәсіптік дамыту бағдарламаны жүзеге асырылады.
Жаңа медициналық технологиялар негізінде сапалы медициналық көмек көрсету үшін аудандық аурухана мамандары басым бағыттары бойынша үнемі кәсіби деңгейін және біліктілігін арттырады.
Әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау және қызметкерлердің денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында, әкімшілік пен еңбек ұжымы арасында ұжымдық шартқа сәйкес мынадай іс-шаралар жүргізілді:
—Аурухананың қызметкерлерге зиянды жағдайларда еңбегі үшін 6-18 күнге дейін төленетін қосымша еңбек демалысы беріледі.
— Зиянды жағдайларда еңбегі үшін 11 қызметкерлер қосымша тамақпен (сүт) қамтамасыз етілген.
— Еңбек демалысы берілген кезде аурухананың әрбір қызметкеріне лауазымдық жалақысы мөлшерінде жәрдемақы сауықтыруға төленеді.
Қауіпсіз ортаны құру үшін:
ШЖҚ «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» КМК 100% бір ретті қолдану медициналық бұйыммен жабдықталған.
Хирургиялық құрал-саймандарың зарарсыздандыру және сақтау үшін «stericlin» фирмасының бір реттік зарарсыздандырылған пакет енгізілді, Финляндия өндірісі .
Аудандық ауруханада дезинфекциялық құралдардың ротация бағдарламасы жұмыс істейді, ол ауруханалық тұрақты микроорганизмдік штамдарының қалыптастыруына ықпал етеді.
ШЖҚ «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» КМК ұжымы аудан халқының денсаулығын нығайтуға, сапалы медициналық көмек көрсетуін жақсартуға бағытталған, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік Саясатын қойылған міндеттеріне сәйкес жұмыс істейді.