2022 жылдың 12 наурызында Облыстық Оңалту Орталығының сараптаушы –дәрәгері Г.Ш. Нұрахметоваоблыстық «Халық радиосынан» «Денсаулық» бағдаламасында қазақ тілінде сұхбат берді.
Орталықтың қызметі жөнінде және Павлодар облыстық Әкімшілігінің № 238/8 года қаулысына сәйкес 2021 жылдың 23-қараша айынан бастап қалалық балалар Оңалту Орталығы өз атын Облыстық Оңалту оратлығы деп ауыстырылғаны жөнінде өз сұхбатында Гүлнәр Шарафатқызы айта кетті.
Орталықтың негізгі миссиясы және негізгі мақсаттарын ашып, облысымыз бойынша балалармен ересектерге кешенді түрде квалификациялық медициналық реабилитациялық көмек берілетіні жөнінде айтып берді. Орталық жүйке жүйесінің және әртүрлі тыныс ағзаларының, жүрек қан тамыр, эндокриндік, сүйек-бұлшық жүйелерінің, жарақаттан кейінгі немесе отадан кейінгі жағыдайын психологиялық логопедиялық және медициналық көмек беру арқылы оңалту іс шараларын жүргізілетіні жөнінде тақырыбын ашып берді.
Орталықтың1-ші корпусында ауысым бойынша 100 адамға амбулатория – поликлиникалық көмек көрсетіледі. Ал, 10 койкага стационарлық- ауыстыру көмегі беріледі, оның ішінде: 5 травматологиялық, 3 ортопедиялық және 2 неврологиялық койкаға. Ал, 2-ші корпусында (Зеленая роща 4/6) 180 койкаға тәуліктік стационар және 30 койкаға стационарлық- ауыстыру көмегі беріледі.
Эпидемиялогиялық жағыдайға байланысты денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен 2021жылы Орталық 150 койкаға инфекциялық госпиталь ретінде қолданылып, науқастарға жәрдем берді.
Жалпы реабилитациялық көмек 3-бағытпен беріледі: медициналық, психологиялық және логопедиялық.
Медициналық көмек мультициплинарлық комиссияның (невропатолог, врач ЛФК, ортопед-травматолог, физиотерапевт, психолог, логопед и медицинская сестра)жұмысымен бекетіледі. Көмек әр науқасқа жекеше түрінде бірнеше рет беріледі, сөйлеу қабылетін және психо-белсенділігін дамытады және дене қозғалысын күшейтеді.
Орталықта кинезотерапия (яғни, коррекциялық тыныс алу жаттығулуры, көзге арналған жаттығулар) және әртүрлі массаждар, табанға арналған емдік жаттығулар) жүргізіледі;
- Гидрокинезотерапия (бассейнде жаттығу);
- Галотерапия (соляная шахта),
- Сөйлеу қабылетын дамытып және психологиялық коррекция арқылы оңалту емдері жүргізіледі.
Орталықта қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылған: физиотерапевтік аппаратуралар: (лазеротерапия, магнитотерапия, электротерапия, светотерапия, теплотерапия, аэрозольтеропия, ультразвуковая терапия), әртүрлі тренажерлер және компенсациялық техникалар бар.
Былтыр 6093 балалармен жасөспірімдер біздің орталықтан медициналық оңалту көмегін алды, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш-4890 болған. Сонымен қатар, 2021 жылы 16653 балалар дәрігерлермен мамандардың көмегіне жүктелген, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш -15912 болған.
Сонымен қатар, 2021 жылы логопед мамннан 1794 балалар, психолог маманнан 1681 балалар кеңес алып, денсаулықтарын сауықтырған.
Көбінесе, ем алған балалардың жасы 1-7 жасқа дейінге келеді (40%), одан кейын 7-14 жастағы баларға келеді (35%), содан кейын 15-18 жастағы балалар - 7,7% құрайды.
Оңалту емін алуға келгендердің ішінде 1-ші орында нерв жүйесімен ауыратындар (2680), 2-ші орында- сүйек-бұлшық жүйесінің аурулары (1735), 3-ші орында тыныс ағзасының аурулары (784), 4-ші орында –көз ағзасының аурулары (265) болып келеді.
2022 жылдан бастап Орталық өзінің алдына нақты, әрі көкейтүсті жоспарларын қойған.
- амбулатория-поликлиникалық, стационарлық ауыстыру және тәуләктік реабилитациялық көмек беру жұмыстарын арттыру, әсіресе ересектер арасында түсініктеме ақпараттарын белсенді өткізіп, алғашқы жәрдем беру емханаларымен тығыз байланыста жұмыс жүргүзу арқылы медициналық оңалту көмегін халықтар арасында арттыру;
- 1-ші және 2-ші корпустарда ремонт жұмыстарын жүргізу;
- Еңбек терапиясын қосу арқылы арт-терапия, арома-терапия, музыкотерапия әдістерін қолдану;
- Әртүрлі халық емдерін қолдану (акупунтура, суджок, иглоукалывание);
- Мамандардың біліктілігін арттыру№
Міне, Гүлнәр Шарафатқызы жоғарыда көрсетілген ақпараттармен обылысымыздың тұрғындарын таныстыра отырып, осындай оңалту емдеріне мұқтаж адамдарды Орталыққа шақырды. Орталыққа ФСМС аясында тіркелген емханадан қалай тегін емделуге жолдама алуға болатыны жөнінде түсініктеме берді.