Жеңіс күні – Ел амандығы жолындағы жанқиярлық Ерлік пен жанкешті Еңбек жеңісінің жарқын көрінісі, ардагерлерімізді ұлықтап, өскелең ұрпаққа өнеге айтатын, тарихи жадымыздан сабақ алатын салиқалы мереке.
Ардагер аталарымыз бен ақ самайлы әжелеріміздің сұрапыл соғыс жылдары жасаған ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес! Жеңіс күні сыйлаған бейбіт күніміз мәңгіге баянды болсын!
Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Соғыс өрті Қазақ даласын ешқашан шарпымасын!
Ізгі тілекпен, “Облыстық оңалту орталығы” ШЖҚ КМК ұжымы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
