Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Облыстық оңалту орталығы» ШЖҚ КМК директоры Тұрақбаева Фарида Қапарқызы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – көп жылғы адал еңбектің, кәсіби шеберліктің және өңір тұрғындарының денсаулығын сақтауға бағытталған жанқиярлық қызметтің лайықты бағасы.
Фарида Қапарқызын мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, толағай табыс және кәсіби қызметіне жаңа жетістіктер тілейміз!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
