ШЖҚ КМК «Облыстық оңалту орталығында» медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке – жоғары кәсібилікті, жауапкершілікті, жанашырлық пен өз ісіне адалдықты талап ететін мамандық иелеріне көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі.
Осы күні орталық қызметкерлеріне күнделікті қажырлы еңбегі, пациенттерге көрсеткен қамқорлығы және халық денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін шынайы алғыс сөздер айтылды.
Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі және адал еңбегі үшін орталық қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Орталық директорының орынбасары Айткенова Алмагүл Мәдетқызына Қазақстан Республикасының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алғыс хаты табысталды.
Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, толағай табыстар, сарқылмас күш-қуат және игілікті еңбектеріңізге толағай жетістіктер тілейміз!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
