«Облыстық оңалту орталығы» ШЖҚ КМҚК қызметкерлері Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында орталық қызметкерлері адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және оңалту саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Республика күні - еліміздің тарихындағы маңызды мереке, мемлекеттілігіміздің, халық бірлігінің және жарқын болашаққа деген ұмтылыстың символы. Бұл күн тәуелсіз еліміздің жетістіктерін бағалап, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге және Отанымыздың өркендеуі жолындағы ортақ жауапкершілігімізді сезінуге үндейді.
Еліміздің күші - халықтың бірлігінде, өзара құрмет пен әр адамға деген қамқорлықта. Қазақстанымыз өркендеп, әр шаңырақта бейбітшілік, келісім, береке мен молшылық орнасын!
Республика күні құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев









