Павлодар облысы әкімдігі
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
“Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы”
коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының
ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1.Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының “Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
2. Кәсіпорын Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы «Жекелеген мемлекеттік медициналық ұйымдарды қайта ұйымдастыру туралы»қаулысына сәйкес құрылды.
3. Кәсіпорынның құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі болып табылады.
4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын жергілікті атқарушы органы — Павлодар облысы әкімдігі жүзеге асырады.
5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын органы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.
6. Мемлекеттiк кәсiпорынның мемлекеттiк тiлдегi атауы: Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “ Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы ” коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны.
Мемлекеттiк кәсiпорынның орыс тiлiндегі атауы: Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения “Павлодарский городской центр реабилитации детей” управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.
7. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 59- үй.
2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі
8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорынның дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
10. Жергілікті атқарушы органның келісімімен кәсіпорын басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алады.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
11. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республиксының заңна-малық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен оның мақсаттары
12. Кәсіпорын әрекетінің мәні денсаулық сақтау салада қызмет көрсетуді жүзеге асыру.
13. Кәсіпорын қызметінің мақсаты Павлодар қаласының балалар халқына заңнамамен берілген лицензияға сәйкес және бекітілген медициналық әрекет түрлері бойынша жоғары мамандандырылған, медициналық оңалту көмегін көрсету (медициналық оңалту мен қалпына келтіру).
14. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
2) Павлодар қаласының балалар халқына 0 жастан 18 жасқа дейін консультативтік-диагностикалық, стационарлық — алмастыратын, амбулаторлық және оңалту көмегімен медициналық көмектің толық көлемімен, тегін медициналық көмегінің кепілді көлемінің шегінде қамтамасыз ету;
3) ғылыми дәлел медицина негізінде медициналық оңалту көмегін көрсету стандарттарын, ұйымның әрекетіне қалпына келтіру емдеулерінің және медициналық оңалту әдістерін қарастырып енгізу;
4) қаланың балалары мен жас өспірімдердің денсаулығын қорғау бағдарламаларын іске асыру;
5) нарықты медициналық қызметтермен толтыру арқылы әлеуметтік міндеттерді шешу;
6) статистикалық есепті (қабылдау саны көрсетілген медициналық қызметтердің және басқалардың саны) ұйымдастыру;
7) балалар мен ересек адамдарға ақылы негізде медициналық көмек көрсету;
8) ұйымдармен, мемлекеттік тапсырыстарды, ақылы қызмет пен шаруашылық шарттарды орындау барысында, Кәсіпорын жұмысы мен дамуына қажетті кірісті алу;
9) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сатып алуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
10) кәсіпорынның әрекетін жаңа технологияларды, заманауи басқару шешімдері, құрал – жабдықтарды сатып алу, басқару түрлері мен тәсілдерін және персоналдардың квалификациялық деңгейін арттыру арқылы жетілдіру;
15. Осы Жарғыда бекітілген Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
16. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе кәсіпорынның басқару органы, жергілікті қаражаттан қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке уәкіл етілген облыстық бұйрықтың, жергілікті атқарушы органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17. Кәсіпорынның басшысы жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
4. Кәсіпорынды басқару
18. Жергілікті атқарушы орган:
1) кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2)кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;
3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;
4) кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
5) кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнама- сында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;
2) кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі бекітеді.
3) кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын талдауды және бақы-лауды жүзеге асырады;
4) кәсіпорын мүлкінің сақталуын және қолдануын бақылауды қамтамасыз етеді;
5) кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасы және осы Жарғы жүктеген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.
20. Кәсіпорынның басшысы оның органы болып, осы Жарғының 5 бөлігінде көзделген жағдайларда бақылау кеңесі болып табылады.
21. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
22. Басқару органы Кәсіпорынның басшысының еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігін уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын Басшының жауапкершілігі айқындалады.
23. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қыз- метіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
24. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
25. Кәсіпорынның басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
26. Кәсіпорынның басшысы:
1) кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдде- лерін барлық органдарда білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кә- сіпорынның мүлкіне билік етеді;
3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттар ашады;
6) кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және Қазақстан Республикасының заңына және осы Жарғыға сәйкес келмейтін істер істесе, оларды жазаға тартады;
Басқару органы Басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы осы Жарғыда белгіленеді;
8) Бекітілген еңбек ақы төлеу қорының аясында, еңбек ақы төлеу формаларын, штаттық кестені, лауазымдық еңбек ақыларды, Кәсіпорын
қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;
9) Өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы Басқару органына кандидатуралар ұсынады;
10) Өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызмет- керлерінің құзыретін белгілейді;
11)Тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12)Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функ- цияларды жүзеге асырады.
27. Жергілікті қаражаттан қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке уәкіл етілген облыстық, жергілікті атқарушы органның және Кәсіпорынның өзара қатынастары Қазақстан Республикасының әрекетті заңнамасымен реттеледі.
28. Кәсіпорын мен Басқарушы органның өзара қатынастары Қазақстан Республикасының әрекетті заңнамасымен реттеледі.
5. Байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы
Кәсіпорынды басқару ерекшеліктері
29. Кәсіпорында Басқару органның ұсынысы бойынша байқау кеңесі құрылуы мүмкін.
30. Байқау кеңесін құру реті, байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, сонымен қатар байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу реті мен уәкілеттіліктерін мерзімнен бұрын тоқтату Қазақ-тан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.
31. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау мен байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шегін анықтау Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған.
32. Байқау кеңесінің қызметі әрекет етуші заңнамамен және байқау кеңе-сінің бекітілген ережесімен реттеліп отырады.
6. Кәсіпорынның мүлкі
33. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіп- орынның активтері құрайды.
34. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
35. Кәсіпорынның мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiк (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
36. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
37. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өз- геше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
38. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
39. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесі- нің шешімімен белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
40. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
41. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Рес- публикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 42-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
42. Осы Жарғының 41 тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құ- қығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.
Заңды түрде алып қою жағдайлары, атап айтқанда, мыналар:
— шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызме- тінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;
— артық, пайдаланылмайтын, не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мү- лікті алып қою жатқызылады.
43. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы орган, облыстық ком-муналдық мүлікке бұйрық етуге өкілетті Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.
44. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың Басқару органының ұсынымы бойынша
1) филиалдар, өкілдіктер құруға,
2) дебиторлық берешекке иелік етуге құқылы.
45. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі заттар- ға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес бұйрық етеді.
46. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 44, 45 тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.
7. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
47.Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
48. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергі- лікті атқарушы орган белгілейді.
Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.
Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
49. Кәсіпорын өзінің шығарған өнімін өзі пайдалана алады.
50. Кәсіпорын шығарған жұмыстардың бағасы (жұмыс, қызмет) оларды шығару үшін кеткен шығынның барлығын жабу керек. Өзінің кірістерімен қаржыландыру және көрсетілген қызметі шығынсыз болуы қажет.
Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызмет- тердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсе- тілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың Басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгiлейдi.
51. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіп- орынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
8. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
52. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 41 348 405 (қырық бір миллион үш жүз қырық сегіз мың төрт жүз бес) теңгені 81 тиын құрайды.
Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне меншік иесі (құрылтайшы) Жарғылық капиталды толық қалыптастырады.
9. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
53. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есепті- лігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және салық саясатына сәйкес, Басқару органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық
есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
54. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
55. Кәсіпорын бақылау кеңесімен бірлесіп жылдық қаржы есептілігінің аудитын жүргізуге міндетті. Кәсіпорынның аудиты директордың, бақылау кеңесінің, Басқару орғанның талабы бойынша Кәсіпорын есебінен жүргізілуі мүмкін.
10. Кәсіпорынның жауапкершілігі
56. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді.
11. Еңбек ұжымымен өзара қатынас
57. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қаты- нас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
58. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
12. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
59. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Басқару органы белгілейді.
60. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
61. Кәсіпорынның басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлық ақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың Басқару органы белгiлейдi.
13. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
62. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
63.Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін таратылған Кәсіпорынның мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.
14. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
64. Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыру- ларды жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.
Басшы (бас дәрігердің м.а.) Ф. К. Тұрақбаева