контакт: Дәрігер-сарапшы- 8(7182)-55-57-34 Регистратура - 8(708)4665715; 8(7182) -55-52-10 Instagram - @pgcrd_pvl E-mail - pgcrd@mail.ru
адрес: Павлодар қ-сы, Лермонтов к-сі, 59 үй
Ақпарат
27-01-2020 13:42

Қазақстан Республикасының Заңы

2015 жылғы 18 қарашадағы № 410- V ҚРЗ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы»

Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

3) жариялылық пен ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;

2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;

6) қаржылық бақылауды;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;

8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;

9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;

10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;

11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;

13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.

2015 жылғы 2 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша облыстық комиссия отырысының №2 хаттамасын орындау үшін, Қазақстан

Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша және Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының іс-шаралар жоспары мен жемқорлыққа қарсы, көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет жасауды іске асыру үшін ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК Жоспары бекітілген. Тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру бойынша және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жалғасуда. Ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер мониторингісі жүргізіліп отырады. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына орындалған іс-шаралардың талдауы жіберіліп отырады.