контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: г. Павлодар, ул. Российская, 57/3
Онкологиялық қызмет бойынша отырыс
26-04-2019 08:00

2019 жылғы 26 сәуірде ШЖҚ «ПООД» КМК базасында облыстық онкологиялық диспансер мамандарының және облыстың БМСК МО онкологтарының қатысуымен Павлодар облысында қатерлі ісік жағдайларын талдау және онкологиялық қызметті дамыту бойынша комиссия отырысы өтті. 1 хабарламалар тыңдалды. Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес бойынша 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру мәселелері бойынша және «Policlinica №1» ЖШС, «Almaz Medical Group» ЖШС, Железин РБ және Павлодар ауданының емханасында онкологиялық аурулардың белгілері, диагностикасы және емдеу туралы халықтың хабардар болуы бойынша сауалнама жүргізу туралы мәселе. Баяндамашы: ҰӘК меңгерушісі Оразалина Ж.А. 2. Ақпараттық жүйелер (ЭТОБ, КМАЖ) жұмысындағы проблемалар және онкологиялық науқастардың қайтыс болу себептерін кодтау ережелері туралы. Баяндамашы: МҚСБ бойынша директордың орынбасары И.В. Богомазова 3. Қатерлі ісіктердің асқынған жағдайларын талдау. Баяндамашылар: Павлодар қаласының № 3 емханасының, Екібастұз қаласының № 3 емханасының, Баянауыл ауданы ауруханасының емдеуші дәрігерлері, ДСБ кураторлары.