02.05.2019 ж. «Өкпе обырын диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдері» ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде ШЖҚ «ПООД» КМК операциялық базасында өкпе обырын аз инвазивті хирургиялық емдеу бойынша шеберлік-класс өткізілді. Хирургиялық мастер-класс өтті:
Подобед Александр Владимирович-Беларусь онкологтары Ассоциациясының мүшесі, Минск қ. торакальды онкология бөлімшесінің меңгерушісі (өкпеге эндовидеохирургиялық операциялар).
Қарасаев Мақсат Ысмагұлұлы-Қазақстан онкологтары Ассоциациясының мүшесі, Алматы қ. ҚазОРҒЗИ өкпе ісіктері және кеуде қуысы бөлімінің меңгерушісі (бронхиальды анастомозбен өкпеге реконструктивті-пластикалық операциялар).
Практикалық шеберлік-класс барысында презентациялар сериясы, сондай-ақ өкпе обыры кезінде жоғары технологиялық аз инвазивті хирургиялық араласуларды жүргізе отырып, пациенттерді көрсету арқылы клиникалық жағдайларды талқылау ұсынылды.
Практикалық шеберлік-класс жұмысына басқа өңірлердің онколог-хирургтары, сондай-ақ облыстың хирургтары қатысты.
Бұл шеберлік-класс дәрігерлерге тығыз ынтымақтасуға және тәжірибе алмасуға, сондай-ақ медицинадағы жаңа технологияларды біздің ел ғана емес, басқа елдердің ірі орталықтарымен бірлесіп меңгеруге мүмкіндік береді деп есептейміз.