контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: г. Павлодар, ул. Российская, 57/3
«Өкпе обырын диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдері » атты ғылыми-тәжірибелік конференция
02-05-2019 08:00

02.05.2019 ж. «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты «АҚ, Қазақстан Республикасының онкологтары қауымдастығы және Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкпе обырының пайда болу механизмдерін, диагностиканың қазіргі заманғы медициналық технологияларын түсінудегі жаңа ғылыми жетістіктер шеңберінде, соның ішінде өкпе обыры жанындағы жоғары технологиялық аз инвазивті хирургиялық араласуларды пайдалана отырып, «Ертіс «қонақ үйінің конференц-залында «Өкпе обырын диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы, Ресей, Беларусь және Латвиядан онкология саласындағы 78 маман қатысты.

Конференция шеңберінде ШЖҚ «ПООД» КМК базасында өкпе обырын аз инвазивті хирургиялық емдеу бойынша шеберлік-класс өткізілді, сонымен қатар «Павлодар облысында өкпе обырын хирургиялық емдеу» баяндамасымен Павлодар онкологиялық диспансерінің торакальды хирургі Б.Б. Махметов сөз сөйледі.

Тақырыптың өзектілігі Қазақстанда және әлемде өкпе обырынан сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштерімен сипатталады. Павлодар облысында бүгінгі күні өкпе обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр.

Қазіргі заманғы онкология ғылымы мен практикасы өкпе обырын ерте диагностикалаудың оңтайлы әдістерін іздеуге, сондай-ақ осы ауруды емдеуде тиімді технологияларды енгізуге, оның ішінде пациенттерді емдеуге жеке көзқарасты енгізуге бағытталған.

Конференцияның мақсаты өкпе обырын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін дамыту және енгізу, тәжірибе алмасу, инновациялық технологияларды тарту болды.