2019 жылғы 19-21 тамызда ШЖҚ «ПООД» КМК дәрігер-сарапшысы Н.В. Рынкевич Қазақстан Республикасы дәрігерлер қауымдастығы мен халықаралық медиация және құқық орталығы ұйымдастырған медиация және медициналық құқық мәселелері бойынша семинарда оқудан өтті. Пациенттердің құқықтары, медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, медициналық қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы мен қылмыстық жауапкершілігі мәселелері қаралды. Медициналық көмек сапасының түсінігі мен маңызы, ішкі және сыртқы бақылау, медициналық қызмет көрсету сапасының сараптамасы. Медициналық көмек көрсетудің ақаулары, дәрігерлік қателер. Қақтығыстар мен даулар түрлері және оларды реттеу әдістері.
