2019 жылғы 08 қарашада ҚР Денсаулық сақтау Вице-Министрі Қ.Т. Надыровтың басшылығымен делегация Павлодар қаласындағы салынып жатқан жаңа онкологиялық диспансерге келді. Павлодар облысында 2017 жылдың мамырынан бастап радиологиялық корпусы, 200 төсектік стационары және ауысымына 100 адам қабылдайтын емханасы бар жаңа онкологиялық орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Объектіні тапсыру мерзімі: 2019 жылғы желтоқсан. Жаңа орталықты сәулелік терапия үшін заманауи желілік жеделдеткішпен жабдықтау мәселесі сәтті шешілді, бұл аппарат республикалық бюджет есебінен жаңа ғимаратқа жеткізілетін болады. Жеделдеткіш сатып алуға 1 800 000 000 теңге бөлінді. Сондай-ақ жаңа диспансерді: компьютерлік томограф, магниттік-резонанстық томограф, эндоскопиялық жабдықтарды жабдықтау үшін қазіргі заманғы жабдықтар сатып алынды. Типтік ғимаратта 8 стационарлық бөлімше (оның ішінде жаңа бөлімшелер: маммология және онкогинекология); операциялық блок, реанимация бөлімшесі, қажетті кабинеттер жиынтығы бар емханалық бөлімше ашу көзделеді. Сәулелік терапияның интервенциялық әдістерін жүргізуге арналған бункерлері бар радиологиялық бөлімшені орналастыруға арналған үй-жай халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Стационар мен емхананың үй-жайлары бір-бірімен кең өту жолдарымен хабарланады. Патологиялық — анатомиялық бөлімшенің жеке тұрған корпусы бар, медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған жеке үй — жай мен жабдықтардың, оттегі станциясына арналған үй-жай мен жабдықтардың болуы көзделген. Павлодар қаласында жаңа онкологиялық орталықтың құрылысы халыққа мамандандырылған онкологиялық көмектің көлемін кеңейту және сапасын жақсарту, онкологиялық науқастарды оңалту мақсатын қойып отыр. «Павлодар қаласында онкологиялық диспансердің құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыру өңір тұрғындарының жоғары технологиялық емдеу-диагностикалық әдістемелерді пайдалана отырып, қазіргі заманғы деңгейде мамандандырылған онкологиялық көмекті алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, жаңа жұмыс орындары құрылып, медициналық қызметкерлердің жұмыс жағдайы жақсарады. Жаңа кешенді іске қосу «ҚР-да онкологиялық аурулармен күрестің 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарын»орындау бойынша Жол картасының іс-шараларын іске асыруға мүмкіндік береді.
