2019 жылғы 22 қарашада Павлодар облыстық онкологиялық диспансерде обырға қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста облыста онкологиялық қызметті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Ағымдағы ұйымдастыру-әдістемелік мәселелерге шолу жасай отырып, директордың МҚСБ бойынша орынбасары И.В. Богомазова сөз сөйледі, мобильдік бригадалардың шығу және сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша статист дәрігер Ж.А. Оразалина, 2019 жылғы 10 ай ішінде скринингтерді іске асыру қорытындылары бойынша МКДБ меңгерушісі М.В. Немеш қатысты.
