
12.12.2019 жылы ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Әкімшілік атынан диспансер директорының орынбасары Т.Б. Әлғожин құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Диспансер қызметкерлеріне құрмет грамоталары беріліп, мұқтаждарға 50 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.