
13.12.19 ж. сағат 11:00-де жаңа онкологиялық диспансердің салтанатты ашылуы өтті. Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов лентаны кесіп, жаңа онкологиялық диспансердің қызметкерлерін ашумен құттықтады және қиын жұмыста табыс тіледі. Жаңа онкологиялық диспансер біздің облыс халқына сапалы көмек көрсету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің директоры Мұрат Құснұллұлы Сүлейменов осы жобаны іске асырғаны үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Президент Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Қазақстан Республикасының Үкіметіне алғысын білдірді.
Ашылу салтанатынан кейін делегация емхана бөлімшесін қарап, сәулелік диагностика бөлімшесіне өтті. Компьютерлік және магниттік – резонанстық томография кабинеттері тексерілді. Бұл жабдық онкологиялық аурулардың ерте диагностикасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Бұдан әрі делегация эндоскопиялық және диагностикалық бөлімшелерге екінші қабатқа аттанды. Осы класты УДЗ-аппараты онкологиялық аурулардың барлық спектрін ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді, көлемді ісіктерді визуализациялауға, ісіктің мөлшерін, сондай-ақ оның қоршаған тіндерге таралу дәрежесін нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жаңа онкологиялық диспансер сәулелік терапия үшін заманауи желілік жеделдеткішпен жабдықталған, бұл аппарат республикалық бюджет қаражатынан алынған. Жеделдеткіш сатып алуға 1 800 000 000 теңге бөлінді. Сәулелік терапияның интервенциялық әдістерін жүргізуге арналған бункерлері бар радиологиялық бөлімшені орналастыруға арналған үй-жай халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Ғимаратта жаңа стационарлық бөлімшелер (оның ішінде маммология және онкогинекология бөлімшелері); операциялық блок, реанимация бөлімшесі, қажетті кабинеттер жиынтығы бар емханалық бөлімше қарастырылған.
Жаңа онкологиялық диспансердің ашылуы өңір халқын жоғары технологиялық емдеу-диагностикалық әдістерді пайдалана отырып, қазіргі заманғы деңгейде мамандандырылған онкологиялық көмекті алу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, жаңа жұмыс орындары құрылып, медициналық қызметкерлердің жұмыс жағдайы жақсарады.
Жаңа онкологиялық диспансердің мүмкіндіктерінің арқасында «ҚР – да онкологиялық аурулармен күрестің 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарын»орындау бойынша Жол картасының іс-шаралары іске асырылатын болады.