контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: г. Павлодар, ул. Российская, 57/3
Ашық есік күні
08-02-2020 08:00
Ашық есік күні

2020 жылғы 08 ақпанда ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК-де Халықаралық обырға қарсы күрес күніне орайластырылған, онкологиялық ауруларға қарсы күрес бойынша Республикалық онкүндік шеңберінде қатерлі ісікті диагностикалау және алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті. Барлығы 126 адам, олардың 37-сі онкологиялық диспансерде қаралды. 4 пациентке онкопатология диагнозы қойылды, біреуінде қатерлі ісік күдігі бар, 28 пациентте басқа аурулар анықталды. Онкологиялық ауруларға қарсы күрес бойынша Халықаралық онкүндігі барысында (01 — 10 ақпан аралығы) ПООД-да және МСАК МҰ-да 5 дәріс және әңгіме өткізілді. Барлығы 130 адам қатысты, электрондық БАҚ 2 , ТРК-да 3 сөз сөйленді.