Міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруды енгізу
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай — МӘМС) енгізу жөнінде облыс әкімінің 2016 жылғы 5 тамыздағы өкімімен «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарына түсініктеме беру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша өңірлік штаб құрылды.
Сондай-ақ қалалық және аудандық деңгейлерде осындай штабтар құрылды.
Ағмыдағы жылғы қыркүйек-желтоқсан кезеңі ішінде «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарына түсініктеме беру жөніндегі үш өңірлік штаб отырыстары өткізілді.
2016 жылдың 10-шы қазанынан бастап 13-ші қазан аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтаныдруды енгізу жөніндегі республикалық штаб спикерімен, «Астана қаласының Медициналық университеті» АҚ қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры С.Е. Ибраевпен келесі аттестаттаумен өңірлік штаб мүшелерін оқыту өткізілді.
Ағымдағы 2016 жылы 10 қазаннан бастап 13 қазан аралығы кезеңінде кесте-жоспарына сай республикалық спикердің қатысуымен 848 адамды қамти отыра кездесулер ұйымдастырылды.
Ақсу, Павлодар қалалары және Қашыр ауданына барып, ҮЕҰ, ҮЕК өкілдерімен, ауыл шаруашылық кәсіпорын ұжымдарымен, облыстағы бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерімен кездесулер болып, түсіндіру жұмыстары өткізілді.
2016 жылдың қазан айында облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевпен Өңірлік штабтың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жөніндегі жоспары бекітілді. 2016 жылы 4 қарашадан бастап өңірлік штаб мүшелерімен Жоспарға сай 6 іс-шара: «Қазақстан Теміржолы» КЕ АҚ филиалы, «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ еңбек ұжымымен. Екібастұз қаласы «Восточный» шегі, Лебяжі, Павлодарское, Май, Успен аудандарының тұрғындарымен өткізілді. Өткізілген кездесулерде штаб мүшелері, 359 адамды құрайтын халық қатысты.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.Бегентаевпен 2016 жылғы 31 тамызда Павлодар облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу жөніндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге түсінік беру жөніндегі Медиа-жоспар бекітілді. Медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері қатарынан спикерлер анықталды. Олар тұрғындар ортасында медиа ресурстар (теледидар, радио, газет) арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді.
2016 жылдың қорытындысы жағдайы бойынша келесі іс-шаралар өткізілді: журналистермен брифинг, теледидарда — 7, радиода – 21, ғаламтор ресурсында – 18, басылымда 33 мақала жарияланған.
2016 жылдың қарашасында саламатты өмір салтын қолдау Орталығын жұмылдырумен міндетті әлеуметтік медициналық сақтаныдру бойынша тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Әлеуметтік сауалнамаға — 300 респондент қатысты.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.