ШЖҚ «№ 3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК
ақылы қызметтер көрсету туралы ережесі
ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18-қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01-наурыздағы №413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27-қаңтардағы №29 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15-желтоқсандағы №2136 «Тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қаулысына, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 01-сәуірдегі №194 «Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіпті төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30-сәуірдегі №304 «Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ақылы қызметтер көрсетеді.
- Ақылы қызметтер көрсету түрлерінің тізбесі
Ақылы қызметтердің бағалары ҚР-ның заңнамасына сәйкес, медициналық қызмет, сервистік қызметтер көрсетуге байланысты және өзге де қосымша шығыстарға сәйкес, барлық шығын түрлерін ескере отырып есептелген. Ақылы қызметтер ҚР ДМ 2002 жылғы 10-қаңтардағы «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы көрсетілетін қызметтер үшін төлем мөлшерін айқындау және бекіту ережесі» №13 бұйрығына және денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген (№1 қосымша «Ақылы қызметтердің баға прейскуранттан көшірме») сәйкес әзірлеген бағалар көрсеткіші бойынша ақылы қызметтер көрсетіледі.
- ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық
қызметтер түрлерінің тізбесі
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (бұдан әрі – ТМККК):
1) шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлем шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;
2) жоғары мамандандырылған және жаңа технологиялар пайдаланылатын медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйым (бұдан әрі – АЕҰ) маманының жолдамасы бойынша көрсетіледі.
3) МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
4) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
Айналасындағылар үшін қауіпті төндіретін қатты аурулардың бекітілген тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы.
(№2 қосымша «ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер түрлерінің тізбесі»).
- Медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы ақпарат
Емделушілердің талабы бойынша оларға ақылы қызмет көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлерінің біліктілікті растайтын құжаттар беріледі. (№3 қосымша «Медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы ақпарат»).
- Ақылы қызметтерді көрсету шарттары
Ақылы қызметтерді аурудың бейіні мен медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келген кезде көрсетеді.
Ақылы қызметтер көрсетуі мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
-пациенттердің бастамасы бойынша, денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсеткенде;
-ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК емдік формулярға енгізілмеген емдік құралдармен емдегенде;
— Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесіне енбеген медициналық зерттеулер жүргізгенде;
-тиісті жолдамасыз санаториялық емдегенде;
-ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсеткенде;
-қосымша сервистік қызметтер көрсеткенде.
Бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған медициналық жабдық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiмен келiсiм бойынша мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымының бiрiншi басшысы белгiлеген кесте бойынша белгiлi бiр уақытта ақылы қызметтер көрсету үшiн пайдаланылуы мүмкiн. (№4 қосымша «Медициналық жабдықтарды пайдалану кестесі»).
- Берілетін жеңілдіктер туралы мәлімет
Медициналық қызметтерді жеңілдікпен төлеу бойынша келесілер пайдаланады:
— ҰОС қатысушылары мен мүгедектер – 100%,
-«Алтын Алқа» және «Күміс Алқа» алқалармен марапатталған көп балалы аналар – 100%,
-жасы келген зейнеткерлер – 50%,
-мүгедектер – 50%,
-медицина қызметкерлері – 50%.
- Ақылы медициналық қызметтер
көрсеткенi үшiн есеп айырысу рәсiмi
ТМККК шеңберiнде емдеуде жүрген емделушiлерге ақылы медициналық қызметтер көрсетудiң әрбiр жағдайы, оның iшiнде ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК енгiзiлмеген дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 19-наурыздағы №153 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23-қарашадағы №907 бұйрығына толықтырулармен өзгерістер енгізу туралы» бекітілген бұйрығымен медициналық құжаттамада көрсетіледі және негізделеді.
Емделушiлердi ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК дәрiлiк заттардың тiзiмiне енгiзiлмеген дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету емделушiнiң жазбаша келiсiмiмен ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Емделушiлердi ақылы негiзде емдеуге жатқызу ақылы бөлiмшелерде (палаталарында) жүзеге асырылады. Ақылы бөлiмшенiң (палатаның) төсектерiнiң саны денсаулық сақтау басқармасының келiсiмi бойынша айқындалады.
Ақылы негiзде емдеуге жатқызу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес емделушiмен шарт жасалады, онда стационарда болудың ережесi мен шарттары, емдеудiң құны мен ақы төлеу тәртiбi, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi көрсетiледi. (№5 қосымша «Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған үлгi шарт»).
Емделушiлермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу фискальды жадысы бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданып және емделушiге бақылау чегiн бере отырып, денсаулық сақтау ұйымының кассасы арқылы, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша — денсаулық сақтау ұйымының «Ақылы қызметтерден түскен қаражат» ағымдағы шотына аудару жолымен жүргiзiледi.
Ақылы негiзде медициналық көмек алған емделушiлерге ұсынылады:
-стационарлық, стационарды алмастыратын көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту жағдайларда медициналық көмек көрсету кезiнде
ауру тарихынан үзiндi көшiрменi;
-көрсетiлген медициналық көмек үшiн шығыстар туралы ақпаратты ұсынады.
- Ақылы қызметтер көрсету бойынша есеп пен есеп берудi
жүргiзу тәртiбi
Ақылы медициналық қызметтер көрсету кезiнде статистикалық есеп пен есепке алу-есеп беру медициналық құжаттамасын жүргiзу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.
Бухгалтерлiк есеп пен ТМККК есеп беру және ақылы қызметтер көрсету есеп саясатына сәйкес жүргiзіледi.
- Ақылы қызметтер көрсетуден түскен
қаражатты пайдалану тәртiбi
Ақылы қызметтер көрсетуден түскен қаражатты жұмсау үшiн денсаулық сақтау басқармасы бекiтетiн шығыстар сметасын жасайды.
Ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат мынадай тәртiппен шығындарды өтеуге жiберiледi:
-қызметкерлерге еңбекақы төлеуге;
-өтемақы сипатындағы ақшалай төлемдерге;
-салықтар төлеуге және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерге;
-іссапар шығыстарын төлеуге;
-дәрi-дәрмектердi, шығыс материалдарын және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға;
-тамақ өнiмдерiн сатып алуға;
-өзге де тауарларды сатып алуға;
-ғимарат және құрал-жабдықтарды жөндеу;
-коммуналдық қызметтерді төлеуге;
-кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауға;
— жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін төлеуге;
-күрделi сипаттағы шығындарға.
Ақылы қызметтер көрсету үшiн дәрiгерлер мен орта медицина қызметкерлерiнiң жеке штат бiрлiктерi бөлiнедi, оларды ұстау ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат есебiнен жүзеге асырылады. ТМККК шеңберiнде медициналық қызмет көрсететiн медицина қызметкерлерi ақылы қызметтер көрсетуге де қатыса алады.
Ақылы қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттық негiзде белгiленедi. Медициналық ұйымның басшысымен «Ақылы қызметтердің кірісін анықтау, қалыптастыру және пайдалану бойынша» ереже бекітіледі.
ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК бірінші басшысы ақылы қызметті сапалы көрсету және одан түскен қаражат құралдарын тура мақсатта шығындалуына тікелей жауап береді.
№3 Павлодар қалалық ауруханасы
№3 Павлодар қалалық ауруханасы (бұрыңғы ЖМЖА) базасында сервистік қызметтің екінші бөлімшесі ашылды, айтар болсақ, ол жерде облыс тұрғындарына хирургиялық патологиясы бар емделушілер емінің жаңа мүмкіндігі ұсынылады. Бұл жерде үлкен тәжірибеден өткен, елдің және шет елдерінің клиникаларында тағылымдамадан өткен жоғарымамандандырылған дәрігерлер қызмет етеді. Бөлімше өте жәйлі бір және екі орындық палаталардан тұрады. Емдеуге жатқызу емханадан жолдама алмай-ақ, мамандардың алғашқы тегін тексеруінен кейін барып жүргізіледі.
Сервистік бөлімшеде хирургиялық ем жүргізіледі азинвазивті әдістермен (тілмей), оны жүзеге асыратын жоғары санаттағы хирург дәрігер С. А. Масғапов, ол 2015 жылы Павлодар облысының «Алтын скальпель» иеленушісі. «Колопроктология және абдоминалды хирургия» циклы бойынша біліктілігін арттырды, Қазан қаласының онкоорталығында эндобейнехирургия бойынша тағылымдамадан өтті. Халықаралық мамандардың қатысуымен өтетін мастер-кластарға бірнеше рет қатысқан. Сонымен қатар, түйінді жемсаудың, тоқ ішек ауруының шұғыл емін орындайды.
Келесі аурулар кезіндегі жүргізілетін шұғыл ем түрлері:
-өт қабына тас байлану; алдыңғы құрсақ қабырғасының жарығы;
-жіті аппендицит, асқазан және ұлтабар жарасы; енбаудың қабынуы;
-созылмалы геморрой; ішек жыланкөзі, ішек түймешігі;
-анал жарығы, эпителильді-құйымшақ сарысулы ісік;
-түрлі локализациядағы құрсақ қуысының сарысулы ісігі;
-түйінді жемсаудың шұғыл емі.
Шұғыл емнің осы түрлерін ота блогының меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер Н.Қ. Ахметов та жүзеге асырады.
Әйелдердің кіші жамбас мүшелерінің емін, соның ішінде шұғыл емін жоғары санаттағы дәрігер, акушер-гинеколог М.М Текжанов жүргізеді. 30 жылдық еңбек өтілі бар. Оның басты қағидаты – неғұрлым әйел затының мүшелерін сақтайтын, аз жарақаттайтын оталар жасау, соның арқасында тәжірибелі дәрігердің аялы алақанынан өткен әр әйел тез оңалып, сауығып жатады. Ресей Федерациясы клиникаларында эндоскопиялық гинекология бойынша оқу оқыған. Емделушілерге сырқаттанған кезде келесі ем түрлері ұсынылады:
-жатыр миомасы, аналық безінің іріңді ісігі; бедеулік, жатырдан тыс жүктілік;
-жатырдың, қынап қабырғаларының түсуі кезіндегі реконструктивті оталар;
-қуық-қынаптық жыланкөз;
-тубооварильді өскін; медициналық түсік; жатыр қуысының диагностикалық қырып тазарту (жабысқақ, миома, эндометрия өскіні кезінде).
Эндокриндік патологиясы бар (қант диабеті, қалқанша без аурулары және т.б.) емделушілер үшін сервистік бөлімшеде зерттеу жүргізіліп, емді облыстың штаттан тыс бас эндокринологы, ҚР денсаулық саласының үздігі Г.Қ. Мейрамова тағайындайды. Жоғары санаттағы дәрігер эндокринолог дәрігерлердің Халықаралық Ассоциация мүшесі, жыл сайын өтетін эндокринология мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға, конгрестерге және мастер-кластарға қатысады.
Неврологиялық бейіндегі емделушілердің емін жоғары санаттағы дәрігер Б.Б. Ерубаева жүргізеді. Ол Венадағы (Австрия) Қазандағы (РФ), Чикагодағы (АҚШ) неврологтардың Еуропалық Конгресс базасында инсульттің диагностикасы, емі және алдын алудың жаңа технологияларын оқыды.
Неврологиялық науқастардың нейрооңалтуы мен қалыпқа келу емін (инсульттан кейін және нейрохирургиялық араласудан кейін) нейрооңалту бойынша халықаралық оқудан өткен жоғары санаттағы дәрігер А.Т. Ерғазинова жүргізеді.
Емделушілерге – емдік дене шынықтыратын жаттығу құрылғылары бар зал, массаж, психолог, логопед қызметі ұсынылады. Ол жердегі оқу-жаттығулар адамның қозғалыс функцияларын сақтау мен дамытуға бағытталған. Бөлімшедегі жаңа құрылғылар электроынталандыру, гальванизация, магниттік терапия, лазерлік терапия және ультрадыбыстық терапия жүргізуге мүмкіндік берді.
Емделушілерге кардиологиялық көмекті жоғары санаттағы дәрігер, №1 сервистік қызмет бөлімшесінің меңгерушісі Б.О. Мұқарова көрсетеді. Үздіксіз ізденіп, өз білімін шетелдегі клиникаларда жетілдірумен айналысатын Бибігүл Оралқызы кардиологиялық науқастардың өмір сапасын жақсартуда жетістіктерге жетіп жүр.
Терапиялық бейіндегі емделушілерге бөлімшеде бірінші санаттағы терапевт дәрігер Н.К. Смағұлова кеңес береді, ол бронх-өкпе жүйесі ауруларына, ішек-қарын жолы сырқаттарына ем жүргізіп, жан-жақты зерттеуді де жүзеге асырады.
Бөлімшеде токсикологиялық науқастарға соның ішінде ішімдік ішкен абстинентті синдромы бар науқастарға да ем жасалады. Оны Павлодар облысының штаттан тыс бас токсикологы, жоғары санаттағы дәрігер А.П. Комков жүргізеді.
№3 ПҚА сервистік қызметтің бөлімшелері емделушілеріне жан-жақты зерттеу қолжетімді болып табылады: УДЗ, ФГДС, колоноскопия, рентгенография, ЭКГ-диагностика. Қолда бар «Сименс» фирмасының компьютерлік томографының арқасында бас миының, төс қуысы мүшелерінің және құрсақ қуысының мультиспиральді компьютерлік томографиясын жүзеге асыру мүмкін болды. Одан басқа, лабораториялық зерттеулердің кең түрі ұсынылады.
КӨПШІЛІК МОЙЫНДАҒАН МАМАНДАРДА ҚОЛАЙЛЫ БАҒАДА ЖӘНЕ ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙДА ЕМ ҚАБЫЛДАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Біздің мекенжай: Павлодар қ., №3 ПҚА Батурина көш., 4/1 құрылыс.
№1 сервистік бөлімш (терапиялық бейін) – әкімшілік корпус, 4-қабат. Тел.: 8 (7182) 64-39-16.
№2 сервистік бөлімше (хирургиялық бейін) – 5-қабат,
Тел.: 8 (7182) 66-76-86.
Жүретін автобустар №2, 14, 31, 38
«Бассейн» аялдамасы.
Маршрут таксиі №153, «Аурухана» аялдамасы.